Kazakh Cuisine Day

Category
Kids Educational Activities

МИРАС Қазақ қауымдастығы АҚШ Бостон қаласында Қазақтың Ұлттық Тағамдары атты жас өспірімдерге арнап жоба өткізді. Америкада алғаш рет осылай Қазақтың ұлттық тағамдарының салт-дәстүріміздегі құндылығы мен маңыздылығы талқыланды. Балалар, атадан балаға мирас етіліп келген ақ дастарханда ет, сірне, құырдақ, бауырсақ, шелпек, құрт, ірімшік, жент қатарлы тағамдармен танысумен бірге өз қолдарымен құрт-ірімшік жасап үйренді. Ата-аналар да ақ дастарханнан дәм татты. Осындай іс шаралар келешек ұрпақтарымыздың салт-дәстүріне бекем болуына үлес қосумен қатар, қазақ халқының мейманжайлығын да әлемге паш етуге жол ашпақ.